Журналдың жарияланым этикасы
Журналда жариялауға материалдар дайындау процесіне қатысатын барлық тараптар: авторлар, сараптық комиссия, рецензенттер, редакциялық алқа мүшелері – жарияланым әдебіне қойылатын төмендегі талаптарды қадағалауы тиіс.
Журналдың редакция алқасы редакциялау жұмысында беделді халықаралық журналдардың мақалаларды сараптау жөніндегі озық тәжірибелерін ескереді. Ғылыми жарияланымның сапасын арттыруда мақала жариялауда плагиатты пайдалану, нақты емес деректерді пайдалану, негізсіз мәліметтерді келтіру және т.б. келеңсіз жағдайларды болдыртпау немесе алдын алу жөнінде редакция алқасы жұмыс жасайды.
Редакция алқасы, сонымен қатар баспа жұмысына қатысатын тұлғалар халықаралық қоғамдастықпен қабылданған этика ережелері мен стандарттарын сақтауы тиіс және осындай әрекеттердің алдын алу үшін барлық орынды іс-шараларды пайдалануы қажет. Редакция алқалары еш уақытта заңнан тыс әрекеттерді (плагиат, манипуляция, бұрмалау) қолдамайтын болады және барлық күшін салып, осындай әрекеттердің алдын алуға тырысады.
Журналдың ғылыми бағыттарының бас редакторы шешім қабылдаған кезде редакциялық алқа мүшелерімен және рецензенттермен кеңесе алады, олар келесі ережелерді басшылыққа алады:
- ұсынылған қолжазба туралы ақпараттарды автор, рецензенттер, әлеуетті рецензенттер, басқа редакциялық кеңесшілерден, қажет болғанда баспагерден басқа ешкімге ашпау;
- авторлар ұсынған материалдарды бағалау кезінде кемсітушілікке жол бермеу;
- қажеті болмаса, авторлардан қабылданған материалдар туралы ақпараттарды авторлар, рецензенттерден басқаларға ашпау;
- зерттеулерде лайықсыз қылықтарға жол берілген мақалаларды анықтап, жариялауды болдырмаудың ақылға қонымды шараларын жасау, мұндай келеңсіздіктерді жою;
- лайықсыз ғылыми-зерттеу қылықтары туралы фактілерді немесе мәлімдемелерді нақтылау;
- түзетулерді, түсіндірмелерді, теріске шығаруларды және қажет болса кешірім сұрауды жариялауға дайын болу.
Баспа үдерісінде авторлар келесі ережелерді басшылыққа алады:
- жала, авторлық құқық, заңдылық және плагиатқа қатысты негізгі заңды талаптарды ескере отырып, толық сәйкестікте жұмыс істеу;
- түпнұсқа зерттеу бойынша атқарылған жұмыстардың шынайы нәтижелерін беру және оның маңыздылығын объективті зерделеу;
- мақалада жұмыстың тексерілуін қамтамасыз ететіндей жеткілікті мазмұн болуы тиіс. Жалған немесе әдейі қате пайымдаулар материалды қабылдамауға немесе жарияланған мақаланы теріске шығаруға себеп бола алады;
- қолжазбаны бірмезгілде басқа басылымға ұсыну әдепсіз қылық ретінде қабылданады және ерсі. Автор журналға бұрын жарияланған мақаланы ұсынбауы тиіс;
- ұсынылған материалдың толық түпнұсқалығына кепілдік беру. Басқа авторлардың еңбектерін немесе пайымдауларын пайдаланған жағдайда тиісті библиографиялық сілтемелер немесе үзінділер ұсынуы тиіс;
- кез - келген түрдегі плагиатқа жол бермеу. Қабылдау үшін мақаланың мәтіні кемінде 80% өзіндік түпнұсқалыққа ие болуы тиіс;
- автодәйексөздеу (өзін өзі дәйексөздеу) қағидаларын қадағалау, атап айтқанда: егер материал элементтері бұрын басқа мақалада, оның ішінде «Математиканы, физиканы және информатиканы оқытудың өзекті мәселелері» журналында жарияланса, автор неғұрлым бұрынғы жұмысына сілтеме жасауы тиіс. Авторларға өзін өзі дәйексөздеу деңгейін 0-10% аралығында қадағалау ұсынылады;
- мақала авторларының саны 5 адамнан артық болмауы тиіс;
- өз жұмыстарын қаржыландыру туралы ақпараттарды, сондай-ақ өз қолжазбаларының нәтижелеріне немесе интерпретациясына ықпал еткендер ретінде қабылдануы мүмкін үшінші тараптардың мүдделері бар екені туралы мәлімдеу;
- журналдың ғылыми бағыттары бойынша жауапты редакторларға еңбегіндегі елеулі қателік немесе дәлсіздік туралы хабарлау және мақаланы алып тастау немесе түзету үшін үнемі байланыста болуды қамтамасыз ету.
- редакциялық алқа мүшелерінің мақалалары әр нөмірде 1 мақаладан аспауы керек.
Журналдың әрбір нөміріндегі бір автордың мақалаларының саны жеке-дара және/немесе бірлесіп жазылған 2 (екі) мақаладан аспауы тиіс.