Авторларға арналған нұсқаулық

«Математиканы, физиканы және информатиканы оқытудың өзекті мәселелері» журналында мақала жариялау үшін дайын ғылыми жұмысты автор(лар) https://pm.korkyt.edu.kz сайтындағы Онлайн мақала жіберу жүйесі арқылы, арнайы нұсқаулықты пайдаланып жіберуге болады. Мақала Windows 10 оперативті жүйесіндегі Word форматында Times New Roman шрифтінде жазылуы қажет (Осы талапта жазылмаған мақала автоматты түрде қабылданбайды (Қосымша 2)). Жарияланым тілдері – қазақша, орысша, ағылшынша.

Журнал тақырыбына сай келмейтін материалдарды, авторлармен басқа басылымдарда жарияланғандарды, орфографиялық, математикалық және басқа да түзетуге келмейтін қателері бар, сонымен қатар, анықталған ғылыми фактілерге қарама-қайшы тұжырымдары мен гипотезелары бар жұмыстарды жарияламайды.

«Математика, физика және информатиканы оқытудың өзекті мәселелері» журналының мақсаты педагогикалық бағыттар бойынша математика, физика, информатиканың іргелі бөлімдері бойынша мұқият таңдалған жұмыстарды жариялау болып табылады.

Барлық мақалалар рецензиялау процедурасынан өтеді. Рецензиялауға жіберілетін материалдар жаңалығы мен жалпы маңыздылығы негізінде іріктеледі. Барлық жарияланған мақалалар ашық, әрі қол жетімді. Мақаланың стандартты бөлімдері: Кіріспе, Әдебиеттерге шолу, Материал және әдістер, Нәтижелер мен талқылау, Қорытынды, Алғыс (бар болса), Әдебиеттер тізімі (бөлім атаулары өзгермейді).

Қолжазба мәтіні оқырмандарға зерттеудің мақсаты мен міндеттері, теориясы мен әдістемесі, автор алған нәтижелер және автордың ғылыми білімнің белгілі бір саласын дамытуға қосқан үлесі түсінікті болатындай етіп құрылуы керек.

Мақаладағы дәйексөз тізімінде тек рецензияланған әдебиет көздері, мақала құрылымына сәйкес DOI индексін иемдеген ақпарат көздері болуы тиіс.

Автордың тұжырымдары негізделіп және алдын-ала сипатталмай немесе белгілі нәтижелерді көрсететін жалпылама болмауы керек. Қолжазба мәтіні академиялық ғылыми стильде жазылып, сауатты тіліде жазылуы керек. Толық көшіріліп алынған және белгілі бір көшіріліп алынған терминдер түсіндірілуі керек. Негізгі ұғымдарды түсіндірудің түсініксіздігі және екі мағыналықтан аулақ болу ұсынылады.

Мақала құрылымы мен безендірілуі:

1) Мақала көлемі 6-12 бет аралығында болуы тиіс (әдебиеттер тізімі мен аннотацияларды қоспағанда 6 беттен кем болмау).

2) Мақаланы құру схемасы: беті – А4, кітаптық бағдар, туралау – ені бойынша. Сол жақ, үстіңгі және төменгі жақтарындағы ашық жиектері – 2,5 см, оң жағында – 2,0 см. Шрифт: тип – Times New Roman, өлшемі (кегль) - 12

3) кіріспе: тақырыптың таңдалуын негіздеу, тақырыптың немесе мәселенің өзектілігі, объектіні, тақырыпты, мақсаттарды, міндеттерді, әдістерді, тәсілдерді, гипотезалар мен жұмыстың маңыздылығын анықтау.

4) зерттеу материалдары мен әдістері: материалдар мен жұмыс ба-рысының сипаттамасынан, сондай-ақ қолданылған әдістердің толық сипатта-масынан тұруы керек. Бұл бөлімде мәселенің қалай зерттелгені сипатталған: бұрын жа-рияланған процедураларды қайталамай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат; материал-дар мен әдістерді пайдалану кезінде міндетті түрде жаңалық енгізе отырып, жабдықты (бағдарламалық жасақтаманы) сәйкестендіру және материалдарды сипаттау қолданылады. Кестелер, суреттер айтылғаннан кейін орналастырылуы керек. Иллюстрациямен жазу өлшемі (кегль – 11) болуы керек. Суреттер анық, таза, сканерленбеген болуы керек. Суреттер мен кестелер атауы 11-шрифтте қалың әріппен жазылуы тиіс. Кесте көрсеткіштері де 11-шрифт. Мақалада мәтінде сілтемелер бар формулалар ғана нөмірленеді.

5) нәтижелер/талқылау: зерттеу нәтижелерін талдау және талқылау келтіріледі.

6) қорытынды/қорытындылар: осы кезеңдегі жұмысты қорытындылау; автор айтқан ұсынылған тұжырымның ақиқатын растау. Қорытындылар белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін жалпылау үшін, ұсыныстарды неме-се одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін сипаттай отырып қолданылуы керек. Жұмысты қаржылық қолдау туралы ақпарат мақаланың соңында көрсетіледі.

7) Әдебиеттер тізімі (өлшемі (кегль) – 11, пайдаланылған әдебиеттер саны – 15-тен кем болмауы қажет). Әдебиеттер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: бірін-шісі – түпнұсқа тілінде, екіншісі – латын транслитерациясы (транслитерация https://translit.ru/ сайты) арқылы, латын әріптерімен жазылады. Мақаладағы дәйек-сөз тізімінде мақаланың ғылыми бағытына сәйкес келетін әдебиет көздері және DOI индексі бар әдебиеттер болуы тиіс (немесе URL адресі болуы тиіс) (үлгі-2-қосымша). Әдебиеттер реттік номері сілтемеге сәйкес тік жақшада нөмерленеді.

Орыс және қазақ тілдеріндегі әдебиеттер тізімін ресімдеу стилі ГОСТ Р 7.0.100-2018 " Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері" талабына сәйкес болуы қажет.

8) авторлар туралы мәліметтер: (автордың(лардың) аты-жөні, ұйымның толық атауы, қаласы, елі, байланыс деректері: телефон, эл.пошта, Orcid ID) 3 тілде. Егер авторда Orcid идентификаторы болмаса, Orcid идентификаторына мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://orcid.org/ .

9) Редакцияға келіп түскен мақаланың рәсімделуі талапқа сай болса, антиплагиат бағдарламасынан өткізіледі. Тұпнұсқалылығы 80% - дан жоғары көрсеткіште болған мақала редакция құрамының қарауына жіберіледі. Ал 80% - дан төмен болған мақала автордың толықтыруына жіберіледі. Ал, екінші рет өткізілген жағдайда тиісті көрсеткіш болмаса жарияланымға қабылданбайды (антиплагиаттан 1-ші рет өткізу құны – 1500 тг, сол мақаланы 2-ші рет өткізу – 1000 тг). Резенценттердің оң пікірінен соң мақала журналға қабылданып, авторға төлем жасау жөнінде хабарлама жіберіледі. Автор төлемақының түбіртегін редакцияның электронды почтасына жіберуге міндетті (matphin-vestnik@korkyt.kz, khabarshy@korkyt.kz).